Posted by: konilashsar on: Тамыз 5, 2009
Қыздар, кеше күлкіден өліп қалдым. Қой құрысын – тірімін, китаноша такешилеп кетіп жатқаным ғой. Не ғой, кәдімгі қазақтың сөзі бар ғой, Аңсар деген ше? Сағыныш, сосын ынтық болуды білдіретін. Сол сөздің жапонша мағынасын білесіңдер ме? Жақсы, өздеріңе демалыс күні кездескенде айтармын, сүйдім… Бетеріңнен…
Posted by: konilashsar on: Шілде 26, 2009
Тіпті де олай емес.
Өткенде Окинавадағы әскери базада біраз қыдырыстап, Токиоға қайтып келгем. Токио қор биржасында НИККЕЙ индексі мықты төмен түсіп кетсе керек: терезеден жас маклер секіріп, көшеде дәл менің алдыма құлап, басы жарылды. Сонда миын көру сәті түсті.
Шынын айтсам бар ғой, тіпті қазақтардың миынан кішкентай дер едім. Бұл жәйт, табыс – антропологиялық ерекшеліктерге емес, еңбек еткенге байланысты екенін дәлелдейтін сияқты.
Кешкісін NHK-ден қарасам, әлгі секірген ватакуси 22 жаста екен, Matsushita Electric акцияларының құлдырауы кесірінен небәрі 25 000 иен жоғалтыпты. Қазақтың осы жері жақсы: әйтеуір ақшаға бола терезеден секірмейді. Асылып өледі.
Posted by: konilashsar on: Наурыз 5, 2009
Урадзиосутоку мен Осаканың арасында бостан-бос энисетилей бергенше, осы бір ниппон сияқты тамаша гекосава жөнінде икимасулауды жөн көрдім. Бұл істе жалғыз емеспін, шүкір: е-күнделігімнің толтырылуына тамаша вакаси әрі керемет сэнсей Харакири сан көмектесіп тұрады.
Намуро аударып оқығаныңызға рахмет, кіріп тұрыңызар!